Меню KDT
Соц. сети
Социально
деловая
среда
Agartu
Социально
образовательная
сеть
Отан Бiлiм
Социальная
сеть Agartu
г. Астана
Социальная
сеть Agartu
СКО
Социальная
сеть Agartu
ЗКО
Социальная
сеть Agartu
Акмолинской
области
Социальная
сеть Agartu
Кызылординской
области
Социальная
сеть Agartu
г. Алматы
Социальная
сеть Agartu
Актюбинской
области
Социальная
сеть Agartu
Атырауской
области
Социальная
сеть Agartu
Жамбылской
области
Социальная
сеть Agartu
Алматинской
области
Социальная
сеть Agartu
ВКО
Социальная
сеть Agartu
Карагандинской
области
Социальная
сеть Agartu
Костанайской
области
Социальная
сеть Agartu
Мангистауской
области
Социальная
сеть Agartu
Павлодарской
области
Социальная
сеть Agartu
ЮКО
Торгов. сети
Единая
торговая
площадка
BMC Sales
BenchMark
Consulting
Школьная
форма от
BMC Sales
Объявления
товаров
Halyk Bazar
Форменная
и спец. одежда
от BMC Sales
Национальная
товаро-
проводящая сеть
BMC Agro
Торговый дом "Асем"
Mektep
Alemi
Туристич. сети
BMC Tourism
dev
Ассоциации
Казахстанская
Ассоциация
IT-компаний
Ассоциация
торговых
предприятий
Ассоциация
кредитных
товариществ
агропромышл.
комплекса
Международная
Федерация
Бухгалтеров
(IFAC)
Единый
портал
КСК
Портал
легкой
промышленности
Казахстана
Союз
производителей
продукции легкой
промышленности
Сервисы
Сервис
профилей
BMC Profile
Учет и продажа
товаров и услуг
BMC Trade
Клиентская база
BMC CRM
Онлайн карта
BMC Maps
Создание сайтов
BMC CMS
База знаний
по системе
Служба
технической
поддержки
Онлайн
тестирование
BMC Exams
Система
Мониторинга
Безопасности
Дистанционное
обучение
BMC Study
Электронная
библиотека
BMC eLib
Безопасная
пища
BMC SafeFoods
Сервис
работы
BMC Work
Сервис
голосований
BMC Votes
Сервис
бизнес
аналитики
Организация
и проведение
конкурсов
Проект
Всеобуч
Прочие
сервисы
в разработке
TG Канал
Telegram Канал
Прилож.
Скачать мобильное приложение
Войти
КГУ «Средняя школа имени Мухаммада Хайдара Дулати» Шуского районного отдела образования аппарата акимата Жамбылской области
kz
ru
Меню школы
Главная
Материалы
Государственные услуги
Нормативно-правовые акты
Учебно-воспитательный процесс
О школе
Общие сведения
Коллектив
Наши достижения
Школьникам
Расписание
Родителям
Перечень документов при поступлении
Информация
Новости
Галерея
Фотогалерея
Видео галерея
Контакты
Электронная библиотека
KITAPHANA.EDU.KZ
Digital library
etandau.gov.kz
Главная
Общие сведения
Табысты мектепке жету жолдары
Табысты мектепке жету мақсатымыз Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі Шу ауданы мектептерінің рейтингісінде 2019 жылы 4 орын иеленіп «Үздік білім беру ұйымы» номинациясын иеленіп,осы 2019 жылдан бастап мектеп табысты мектеп қатарынан орын алды. Осы жетістік пен табыс 2015 жылы үздіксіз кәсіби өсу мен шексіз еңбек нәтижесі. Ұжымның алға ұмтылысы мен әкімшіліктің бірлесе бір бағытта жұмыс нәтижесі,осы енбек өз нәтижесіне бере отырып мектеп 2020 жылы «Ең үздік ауыл мектебі», 2021 жылы «Үздік мектеп -2021» атауына ие болып, 100 000 теңгенің сертификатына ие болды. Мектептің шығармашылық мұғалімдері мен дарынды оқушылардың жетістіктері арқасында мектеп директоры облыстық «Табысты менеджер-2022» байқауында ІІІ- орынды иеленді. 2023 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі «Орта білім беретін үздік ұйым» ІІІ- орын иеленді. Мектеп ұжымының тынымсыз еңбегі,сапалы білімге жеткізді.Осының айғағы ретінде облыстық білім басқармасының МОДО бойынша талдауында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы орта мектебі 4-сыныптардың білім көрсеткіші -23,6 % құрады. 4-сыныптар аралығында 3 орын иеленді. 9-сынып бойынша 51,4% көрсетіп,аудандағы қатысқан 21 мектеп арасында 10 орын иеленді. Биылғы оқу жылында мектепті МДТ- 51 білім алуда, 1-11 сыныптар аралығында -617 білім алушы мектеп аяқтап отыр. Мектеп бітірушілер саны -22. Сапалы білім,саналы білім. білім нәтижесі мектеп сапасының өсу динамикасынан көруге болады 2019-2020-67 % 2020-2021-70 % 2021-2022-71 % 2022-2023-64 % ҰБТ қорытындысы бойынша 11 сынып білім алушылырының ортақ көрсеткішінің өсу динамикасы сапалы білім беру нәтижесі деп білемін 2019-2020 оқу жылы -68,14 2020-2021 оқу жылы -72,9 2021-2022 оқу жылы -72,11 Мектептегі үздік және алтын белгі аяқтағандардың болуы мен олардың грант иегерлері болуы сапалы білім білім беру айнасы «Алтын белгі» Есиркепов Даулет, Үздік аттестат Садырбаева Сабина, Смағұл Азиза. «Алтын белгі» Олейникова Милана Алексеевна, Үздік аттестат Олпанбай Асылжан. « Үздік аттестат» Рахман Аружан. Сапалы білім алушылар тәрбиелеу,дарындылығын шыңдау, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында мектепте Олимпиада мектебі, «Білім алушылардың ғылыми қоғамы», «Мен зияткермін», «Шаңырақ» жобасы, «Апта жұлдызы», «Білім алушы күні», «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Өзін-өзі басқару» ұйымы жұмыстары жыл бойы жүргізілуде. Пән апталықтары аясында ұстаздарымыздың түрлі шығармашылық конкурстар мен байқаулар ,зияткерлік ойындар,жарыстар,сахналық қойылымдар өткізіліп,білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстары үздіксіз жыл бойы жүргізілуі өз істеріне деен жауапкершілік пен сапаға бағытталған жұмыс жүргізу айғағы. Жылдар бойында мектептің дарынды білім алушылар мен мұғалім жетістіктерінің өсу динамикасының болуы табыс көрсеткіші деп білемін Дарындылығы ашылып жетістікке жеткен білім алушыларымыз бен жеткен жетістікке жетелеген шығармашылық мұғалімдерді мақтан етеміз. 2019-2020 оқу жылы -98 білім алушы 2020-2021 оқу жылы -142білім алушы 2021-2022 оқу жылы -198 білім алушы 2022-2023 оқу жылы жеңімпаздар саны-220 білім алушы 2022-2023 оқу жылында Халықаралық -2 білім алушымыз Халықаралық Республикалық байқаулар мен жарыстарда -220 білім алушымыз, Облыстық деңгейде -26,аудандық -55 деңгейлерде жеңімпаз атанды. Өсу пайызы-198. 2023 жылы Республикалық ғылыми жоба байқауының жүлдегері Грибенюк Роман-жетекшісі Коротуненко В.В бас жүлде. Дулатұлы Бағдатәлі - І-орын жетекшісі Бұқанаева Г.Ж.,Серікбай Аяулым - ІІ-орын жеткшісі Байтерекова Р.Ж. Берік Тахмина жетекшісі Айдарова Ж.Б. Мектебіміздің бітірген түлектерінің мектепке тартқан сыйлығы жетістіктер шкафы бүгінгі күні жетістіктерге толы. Мектепте білім алушылардың белсенділігін дамыту, азаматтық көзқарас деңгейін белсенділігін арттыру шыңдау мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымы жұмыс жүргізеді. Биылғы оқу жылында жаңа мектеп президентін сайлау жүргізілді. Мектепте білім алушылар үшін жайлы мектепке айналдыруға бағытталған үздіксіз жұмыс жүргізілді. Биылғы оқу жылы жаңа мектеп президенті болып сайлау нәтижесі бойынша 9-сынып оқушысы Есберген Нурила президент болып сайланып,білім алушылардың мектеп өмірінде білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған өзін-өзі басқару ұйымы жұмысын белсенді жұмыс жүргізілді. Мектептегі білім алушылардың тәртіпті сақтауға бағытталған кезекшілігінен бастап,білім алушылардың қызығушылығына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды білім алушылардың белсенді қатысуына ықпал етті. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында мектебіміздің ардагер ұздаздары мен қарттарды 1 Қазан қарттар күнімен ,Ұстаздар күнімен,Жаңа жыл,8 Наурыз,22 Наурыз мерекілік құттықтауларымен көмек қолдарын созуды ұйымдастырып адамгершілік позицияларын көрсетті Мағжан Жұмабаев атамыз: Тәрбие-кең мағанасымен алғанда,қандайда болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп,сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсетуі деген сөзді басшылыққа ала отырып,бала бойында әсемділік эстетикалық талғам, мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Алтын күз», «Қош кедің Жаңа жыл» «Алғысым шексіз және 8-наурыз мекрекесіне орай Ананың аялы алақаны атты,» « Қош келдің Наурыз» мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектептегі әр ұлт өкілдерінің бойында достық қарым-қатынас,өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сыйлауға бағытталған . 22 қыркүйек тіл мерекесіне арналған «Бір шанырақ астында», Ана тілі мерекесінде «Менің Отаным-Қазақстан»,ұлттар фестивалі,1 мамыр мерекесінде « Достығы жарасқан ел» атты іс-шаралар өткізілді. Патриоттық тәрбие –тәрбиеенің басты бағыты. Бала бойында өз еліне сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру бағытында жыл бойында патриоттық тәрбие сағаттары және «Тәуелсіздік тұғырым»мерекелік іс-шаралары ұйымдастырып өткізілді. Жыл бойында Шаңырақ жобасы аясында; Экологиялық ,рухани адамгершілік ,азаматтық тәрбиеге бағытталған үздіксіз сынып сағаттары байқаулар,жарыстар өткізілді. Мектебімізде би үйрмесі,волейбол,футбол,теннис,шебер қолдар,домбыра үйірмелері жұмыс жүргізе отырып оқушылардың шеберлігін шыңдады. Би үйірмесі «Ақ шағала» облыстық байқауының жеңімпазы атанып,барлық аудандық іс*-шараларда мектеп оқушылары аудан халқына мектебімізді өнерлі мектеп ретінде танытуда. Спортшы оқушыларымыз «Ұлттық мектеп лигасы»облыстық ойында мектеп командасы 1 орындаы иеленді,Осы жарыста Молдашов Бекзат ,Рысқұлбек Жалғас,Насырхан Алдияр жүлделі 1 орынға ие болды. Облыстық теннистан өткен 2008,2015жылдары туылған оқушылар арасында өткізілген жарыста Рысқұл Данияр,Дүйсенғали Мадияр,Әшімбек Аяла 1 орынды иеленді,Иманқұлов Дарын 2 орынды иеленді. Тәрбие біздің жүрегімізге ең алдымен жеке адамға да ,қоғамға да пайдалы әдеттердің ұрығын себу ұранымен бір бағытта жұмыс жүргізіп отырған мектеп ұжымы әр қашан ата-анадан қолдау күтеді. Мұғалім-ата-ана-білім алушы-үштігінің бірлесе әрекет етуі тәрбие берудегі ең басты кілт.Балалық шақтың бақыты-жылылықпен қорек беретін отбасының тыныштығы деп атап көрсеткен көрнекті педагог Сухомлинский. Осы отбасындағы тыныштық пен тәрбиеенің дұрыс беруіне бағытталған ата-аналарға арналған «Отбасы бақыт мекенім» тренингі «Менің отбасым-алтын ұя», дөңгелек үстел, «Мен және менің балам», атты интелектуалды ойындар өткізілді. Қыз тәрбиесінде дұрыс тәрбие беру бағытында жыл бойында әжелер мен аталар мектебі жұмыс істеп кездесулер ұйымдастырды. Белсенді ата-аналарымыз Кулмановтар отбасы мектеп атынан аудандық «Парасатты отбасы»байқауына қатысып «Саяхатшы отбасы»номинациясына иеленді.Осы оқыту мен тәрбиеге бағытталған мектеп ұжымының жеткен жетістіктері бұл сіздің балаларыныздың жетістігі ұстаздардың тынымсыз еңбегі ,сіздердің қолдауларыныздың арқасында жеткен жетістіктер.Осы үшін ата-аналарға алғысымыз шексіз. Мектепте білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізілді. Ішкі туалеттер мен қол жуу арналған орындар барлық жабдықтармен қамтамассыз етіліп жұмыс жасайды, ауыз сумен қамту, ыстық тамақпен қамтамасыз ету үнемі назарда Білім алушылардың демалыс кезенің ұйымдастыру бойынша күзгі,қысқы көктем,жаз мезгіліндеріндегі демалыс уақыттарын белсенді өткізу үнемі назарда,жоспарлы түрде жүргізіледі, Мектепті табысты мектепке жетелеу және мектепті жайлы орынға айналдыруға бағытталған жұмысты үздіксіз жүргізе отырып,көшбасшылықты бөлісе жүргізу арқылы мектеп ұжымын шашау шығармай жұмысқа бағыттау ,менің көшбасшылық кредом болып отыр. Мекктеп мәдениетін дұрыс қалыптастыру -табысты мектепке жетудің жолы.
Баяндама
Баяндама: Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып , сындарлы білім беру арқылы білім сапасын арттыру. Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлауды үйрете отырып ,сындарлы білім беру арқылы білім сапасын арттыру бағытындағы 2023-2024 оқу жылына арналған мектептің жылдық жоспары іске асырылды «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып оқыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбындағы бес жылдық стратегиялық жоспар негізінде іске асты. Үздіксіз даму жоспары негізінде мұғалімдерге кәсіби қолдау мен іс тәжірбиемен бөлісу мен іс тәжірбиені жетілдіруге бағытталған жұмыс жүйесі іске асырыла отырып,мектеп алға қойған мақсаттарына жету жолында жұмыс атқарды. Мектеп ұжымы үштік одақтың бірлесе іс әркеттесуі нәтижесінде мектеп білім алушылардың сыни ойлауына,сыни көзқарасының қалыптасуы мен дамуы жолында еңбектенді Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ол: -шыңдалған ой ойлау жүйесіне тәрбиелеу; -кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау; -күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық; -үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым; Мектеп ұжымы білім алушыларды сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралардың орындалуына негізделген жұмыс жүйесін қалыптастыра отырып жұмыс жүргізді 1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 4) үйрену барысындағы білім алушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; 6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 7)сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез — келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс — әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу. Зерттеудегі мақсат – білім алушылардың кез — келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету. Зерттеу нысан: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу. Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында білім алушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс – тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіне жүріп іс әрекет етті Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта білім алушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге және зерттеуге талпындырып, тұжырым жасауға үйрету Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім — әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» іске асыру бойынша ол: -шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау; -күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық; -үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым; Осы стратегияны іске асыру бағытында білім алушыларға сындарлы білім беруді қамтамассыз ету мақсатында әрбір ұстаз сабақ өткізуде технологияны ұтымды пайдалану жолында еңбектенді. Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұратын: — қызығушылықты ояту; — мағынаны ашу; — ой толғаныс. Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту» Кезеңнің мақсаттары: — оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру; — оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту; — оқушының белсенділігін ояту; Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша — әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б. Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі. Екінші кезең «Мағынаны ашу» Кезеңнің мақсаты: — жаңа ақпаратпен танысу; — жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу. Жеке тұлғаның іс — әрекетіқ қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер — мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды; — жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады; — қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді. Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі. Үшінші кезең «Ой толғау» Кезеңнің мақсаты: — қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу. — оқылған материалды талдау және қорытындылау. — тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау. — Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады. — Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады. — өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды. — Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру — әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады. — түйін сөздерге қайта оралу. — дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу. — рефлексивті сұрақтар — пікір алмасу. — шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б. Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі. Технологияның стратегиялары (тәсілдері) Технологияны жетік меңгеру ,сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.Осы еңбектің нәтижесінде мектептің білім сапасы -2%өсуді көрсетті Мектеп аттестациядан өтуде 4,9 сыныптар білім алушылары -64,5% білім сапасын көрсетті.
Главная
О сайте
Послание
Президента
Блог директора
Рухани жаңғыру
Полезные ссылки